06
февраль
2023
"ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГІ"
Лермонтов атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Қаржылық мониторингі агентігінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаментінің подполковнигі Тұрғынбай Дәурен Бөрібай мырза және Білім басқармасы "Қосымша білім беру оқу салалық орталығы" тәрбие бөлімінің әдіскері Игибаева Алма Мұратқызымен мектебіміздің 11 сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Оқушыларымызға қаржылық, құқықтық сауаттылықты көтеру мақсатында қаржылық пирамидалар туралы оқу-ақпараттандыру сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларымызбен ой алмасып, сұрақтар қойылып ұтымды жауаптар алынды.
