07
июнь
2023
"БАЛДӘУРЕН БАЛҒЫН-ӨНЕРПАЗ" жазғы лагері
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебінде «Балдәурен балғын өнерпаз» лагерінің үшінші күні керемет көңіл күймен басталды. Бүгін жоспар бойынша спорттық ойындар сайысы өткізілді, сондай-ақ «Ертегілер әлеміне саяхат» атты мультфильмдер қарап талқылау сағаты ұйымдастырылды. Балалар қызығушылықпен қарап, талқылау арқылы ой- өрістерін жетілдірді. Тәрбиелеушілер басшылығында көңілді ойындар, қызықты сабақтар мен сайыстар ұйымдастырылуда. Лагер соңында бүгінгі күн талқыланып, келесі күнге жоспар құрылды.
